
Қазақстанда жаңа Үкімет құрамы толық жасақталып, Премьер-министр Олжас Бектенов өз қызметінде қалды және оның орынбасарларының басым бөлігі де қайта тағайындалды. Елдегі конституциялық өзгерістерге сәйкес, жаңадан сайланған Құрылтай алдында Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқан болатын.
Естеріңізге сала кетсек, 1 шілдеден бастап күшіне енген Жаңа Конституцияға байланысты бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылып, депутаттар сайланғаннан кейін Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін міндеттерін уақытша атқарып келген еді. Бүгінгі ресми мәлімет бойынша, еліміздегі 25 министрлік лауазымның төртеуінде ғана кадрлық өзгерістер болып, қалған басшылар өз орындарында қызметін жалғастыруда.
Жаңа Үкімет құрамында Премьер-министрді қоса алғанда, 25 министрлік лауазым бар. Соның ішінде төрт министр ауысты.
Премьер-министр қызметінде өзгеріс болған жоқ. Олжас Бектенов қайта тағайындалып, Үкімет басшысы қызметін жалғастырды. Ол бұл лауазымды 2024 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.
Премьер-министрдің орынбасарлары
Премьер-министрдің алты орынбасарының бесеуі өз қызметтерінде қалды.
Нұрлыбек Нәлібаев – Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-министрдің орынбасары әрі Үкімет Аппаратының басшысы.
Қанат Бозымбаев – Премьер-министрдің орынбасары.
Серік Жұманғарин – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.
Жаслан Мәдиев – Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.
Бұған дейін Премьер-министрдің алтыншы орынбасары қызметін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атқарған. Жақында ол Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Үкіметке төрт жаңа министр келді
Мұхтар Тілеуберді – Сыртқы істер министрі.
Әлібек Қуантыров – Экология және табиғи ресурстар министрі.
Арман Қырықбаев – Мәдениет және ақпарат министрі.
Мұрат Мұханов – Төтенше жағдайлар министрі.
Қалған министрлер өз қызметінде қалды
Ержан Саденов – Ішкі істер министрі.
Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі.
Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі.
Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі.
Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі.
Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі.
Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі.
Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі.
Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі.
Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі.
Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Мәди Тәкиев – Қаржы министрі.
Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі.
Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі



