Жаңалықтар

Әлемді шарлау оңай бола ма?

Қазақстан әлемнің жартысымен тікелей байланысты нығайтты

Қазақстанның халықаралық әуе қатынасы кеңейіп келеді. Бұған дейін еліміз 25 елмен тікелей әуе байланысын жүзеге асырса, қазір бұл көрсеткіш 32 елге жетті.

Халықаралық әуе бағыттарының саны да 74-тен 161-ге дейін артқан. Яғни көрсеткіш екі еседен астам өсті.

Сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік деңгейі де жоғарылады. Қазақстанның ICAO стандарттарына сәйкестігі 95,7%-ға жетті.

2029 жылға дейін Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларындағы әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын салу және жаңғырту жоспарланған. Сондай-ақ еліміздегі ірі әуежайлардың терминалдары жаңартылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button