Президент әскери қызметшілердің жабдықталуына қатысты сын айтты
Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығуына қатысқан әскери қызметшілердің тиісті жабдықтармен, соның ішінде арнайы құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмегенін айтты.
Үкіметтік комиссия оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізуге, әскерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге және қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға береді.
Президенттің өкіміне сәйкес Қорғаныс министрлігіндегі жағдайға кешенді тексеру басталды. Оның барысында әскери қызметті ұйымдастыру, әскерді жабдықтау және материалдық-қаржылық қамтамасыз ету мәселелері зерделенеді.
Аида Балаева басқаратын комиссия заң бұзушылықтарды анықтап, жауапқа тартылатын тұлғаларды айқындауы тиіс. Мемлекет басшысы кінәлі әскери қызметшілер лауазымы мен шеніне қарамастан заң бойынша қатаң жазаланатынын ескертті.



