Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ 133 МЫҢ ТОННА КҮРІШ ЖИНАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Қызылорда облысында биыл 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Күріш алқабы өткен жылмен салыстырғанда 10,9 мың гектарға қысқарып, 11 мың гектарға жүгері себілді.

Егістікті сумен қамтамасыз ету үшін 3,2 млрд текше метр су лимиті бекітіліп, Сырдариядан каналдар арқылы 2,5 млрд текше метр су берілді. Диқандар тұқым, тыңайтқыш, гербицид және жанар-жағармаймен толық қамтылған.

Қазір өңірде 36 мың гектар күріш орылып, оның 27 450 гектары бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 48,4 центнерді құрап, 133 мың тонна күріш салысы жиналды.


Үкімет отырысында егін жинау науқанын 15 қазаннан кешіктірмей аяқтау тапсырылды. Мақсат — өнімді ысырапсыз әрі шығынсыз жинап алу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button