Жаңалықтар

23 мың жігіт әскерге аттанады

Сарбаздарға қандай жаңа жеңілдіктер берілді?

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Оның аясында 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін әскери борышын өтеуге тиіс 18 бен 27 жас аралығындағы 23 000-ға жуық ер-азамат мерзімді қызметке аттанады.
Жаңа науқан барысында шақырылғандардың 12 000-нан астамы Қарулы күштердің, 7 000-ы Ұлттық ұланның, 3 000-ы ҰҚК Шекара қызметінің, 400-ден астамы Төтенше жағдайлар министрлігінің және 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарын толықтырады. Бұдан былай әскери есепке алу мен шақыру қызметтері «Цифрлық шақыру» және «Smart военкомат» жобалары арқылы толық автоматтандырылып, азаматтар барлық мәліметтерді eGov порталындағы жеке кабинетінен көре алады.
Осы ретте Қорғаныс министрлігі сарбаздар үшін бірқатар ауқымды жеңілдіктерді ұсынды, атап айтқанда, әскерилер еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық жұмысшы кәсібін тегін меңгеріп қана қоймай, қызмет кезінде несие төлемдерін кейінге қалдырып және ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады. Барлық рәсімдер мен шақыру қағаздары SMS-хабарлама немесе қағаз түрінде жеткізіледі, ал бұл науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button