Жаңалықтар
«Ерлігі үшін» медалінің иегері Қайбалды Орынбаевқа құрмет көрсетілді
Ардагер 27 жұмысшыны ажалдан құтқарған

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет І санатты ұшқыш, «Ерлігі үшін» медалінің иегері Қайбалды Орынбаевтың үйіне арнайы барып, аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.
Құттықтауда Қайбалды Орынбаевтың ерлігі мен елге сіңірген еңбегі атап өтіліп, оған денсаулық пен отбасы амандығы тілеген.
Ардагер көрсетілген құрметке алғысын айтып, ақ батасын берді.
Айта кетейік, Қайбалды Орынбаев 1999 жылы Көкарал бөгеті бұзылған кезде су ортасында қалған 27 жұмысшыны құтқарған. Осы ерлігі үшін ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.



