Жаңалықтар

Жүк көліктерінің салмағы бақыланады

Өңірде жол сапасы тексерілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігі қаралды. Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысып, баяндама жасады.


Өңірде «Қызылорда–Сексеуіл», «Сексеуіл–Бейнеу», «Сексеуіл–Ұлғайсын» бағыттары мен Қызылорданың айналма жолы салынып жатыр. Құрылыс материалдарын тасымалдайтын жүк көліктеріне шамадан тыс жүк тиеуді шектеу және көлік салмағын автоматты өлшеу жүйесін енгізу тапсырылды.


Сондай-ақ былтыр пайдалануға берілген «Қызылорда–Жезқазған» жолының 24–216 шақырым аралығындағы учаскесінің қазіргі жағдайы зерделенді. Жауапты тұлғаларға жолдардың сапасын бақылап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау міндеттелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button