Жаңалықтар

Қызылордада әлеуметтік көмектің жаңа тәртібі түсіндірілді

2027 жылдан бастап көмек отбасының жағдайына қарай беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік көмектің жаңа тәртібін түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Жиында отбасының табысы, жұмыспен қамтылуы, мүлкі және өзге де жағдайларын ескере отырып, мұқтаждықты бағалау мәселелері талқыланды.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлері жаңа тәртіппен тағайындалады. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі өзгеріссіз қалады. Мақсат — көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button