Жаңалықтар
Ұлттық валюта күніне орай үздіктер марапатталды
Қаржы саласының мамандарына құрмет көрсетілді

15 қараша – Ұлттық валюта күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қызылордада салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы қатысып, сала мамандарын мерекемен құттықтады. Ол ұлттық валютаның тәуелсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың маңызды нышаны екенін атап өтті.
Жиында бірқатар қызметкер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен, министрлік пен облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Салхадинұлы сала мамандарына кәсіподақ марапаттары мен басқарманың алғыс хаттарын табыстады.



