Жаңалықтар
Софья Самоделкина АҚШ-та 11-орын алды
Қазақстандық спортшы АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде сынға түсті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында 61,03 ұпай жинап, 11-орын иеленді.
Аралық есепте жапониялық Ами Накаи 82,20 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында – Александра Игнатова (74,24), үшінші орында оңтүстіккореялық Ким Ю Чжэ (73,92).
Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түні өтеді.



