Жаңалықтар

Қызылордада 10 миллиард теңгеге не салынады?

Қызылорда облысында IT саласын түбегейлі өзгертетін ауқымды жоба қолға алынуда.

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы және Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесіп, өңірді цифрландырудың жаңа кезеңін талқылады.

Президенттің 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауына байланысты Сыр өңірінде бұрын-соңды болмаған бастама көтерілді. Қаз-қатар орналасқан IT нысандардың («Қызылорда хаб», IT парк, «109» және «112» шұғыл қызметтері) басын бір жерге қосатын алып орталық салынбақ.

Жаңа ғимаратта сонымен қатар жастарға арналған Tumo инновациялық орталығы мен «Tomorrow school» жасанды интеллект мектебі орналасады. Жобаға шамамен 10 миллиард теңге жеке инвестиция тартылмақ. Ғимараттың жалпы көлемі 5-10 мың шаршы метрдіқұрайды. Қазіргі таңда қала әкімдігі арнайы жер учаскесін бөлуді қарастырып жатыр.Ал «BI Group» компаниясы жобаның концепциясын әзірлеуді бастап кетті. Өңір басшылығы бұл жобаға Дүниежүзілік банкті де серіктес ретінде тартуды жоспарлап отыр.

«Біздің аймақтағы цифрландыру бағытындағы нысандар қараз-құраз әр жерде орналасқан. Осы орайда, барлық цифрландыру салаларын орталықтандыратын жаңа ғимараттың құрылысын бастауды ұсындық», — деді облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы.

Еске сала кетейік, бүгінде Қызылордада Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлескен еліміздегі алғашқы Жасанды интеллект институты жұмыс істеп тұр. Жаңа орталық іске қосылса, өңірдегі IT-стартаптар мен жас мамандар үшін жаңа серпін болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button