Әлем чемпионы Төлеген Қайсар дауыс берді

Гір спортынан жастар арасында әлем чемпионы Төлеген Қайсар Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысты.
Халықаралық спорт ареналарында ел намысын абыроймен қорғап, көк байрақты биікте желбіретіп жүрген жас спортшы бұл жолы да азаматтық жауапкершілігін танытып, ел болашағына қатысты маңызды үдеріске өз үлесін қосты.
Жас чемпионның айтуынша, елдің ертеңіне қатысты маңызды мәселелерде әрбір азаматтың пікірі мен таңдауының өзіндік орны бар.
«Ел болашағына қатысты маңызды істерден шет қалмай, өз таңдауымды жасау әр азаматтың азаматтық парызы деп білемін. Құрылтайдың негізгі мәні де елдің келешегіне қатысты маңызды мәселелерді ортақ талқылап, халықтың үнін жеткізу деп ойлаймын. Біз, жастар, еліміздің болашағына бейжай қарамай, мемлекет дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Ортақ мақсатымыз тұрақты, қуатты әрі жарқын Қазақстан», – деді Төлеген Қайсар.
Әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде халықаралық додаларда ел намысын қорғап жүрген Төлеген Қайсардың азаматтық белсенділігі жастардың ел тағдырына деген жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсетеді.



