Жаңалықтар

Әкімдердің есебі тексерілді

Алдағы 3 жыл бюджет қаржысы қайда бағытталады?

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен маңызды мәжілісте 2027-2029 жылдар аралығында жүзеге асатын стратегикалық жобалардың құпиясы ашылды. Алдағы үш жылда өңірдегі әрбір аудан мен қаланың келбеті өзгеретіні белгілі болды.

Бюджеттен миллиондар қайда бағытталады?

Облыс әкімі жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалардың халыққа берер пайдасын қатаң талап етті. «Тиімсіз жобаларға жол жоқ!» деген аймақ басшысы шенеуніктерге құр бос отырмай, министрліктердің есігін қазірден бастап қағуды тапсырды. Қаржының әрбір тиыны халықтың жайлы тұрмысы мен өңір экономикасын өркендетуге жұмсалмақ.

Халықты не күтіп тұр?

2027-2028 жылдары өңірде сөйтіп елеулі серпіліс болады. Тұрғындар үшін ең өзекті проблемалар – ауыз су, газ, жылу мен энергетика жүйелері толығымен жаңартылып, жаңа денсаулық сақтау, білім беру және спорт нысандары бой көтереді. Сонымен қатар, жол инфрақұрылымы мен туризмді дамытуға бағытталған ұлттық жобалар іске қосылады.

Бұл – аймақ экономикасын жаңа деңгейге көтеретін, халықтың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартатын бұрын-соңды болмаған серпін болмақ!

Басқа жаңалықтар

Back to top button