Жаңалықтар

Түрме есігі ашылды

Қызылорда сотталғандарға рақымшылық жасалды

Қызылорда облысында жазасын өтеп жатқан отыздаan астам сотталған азамат кенеттен темір тордың ар жағынан босап шықты. Ал мұның басты себебі «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның күшіне енуі болып отыр.

Өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде жаппай қолданыла бастаған бұл рақымшылық шарасының арқасында жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына тура бір жыл қалған жергілікті тұрғын Қызылорда қаласының №2 сотының қаулысымен бірден босатылып, қуанышын жасыра алмады. Қазірдің өзінде отыздан астам адам үйіне қайтарылса, жалпы есеппен бұл заң жүздігі жуық сотталғанға қатысты қолданылып, оның ішінде сексенге жуық азаматтың жаза мерзімі айтарлықтай қысқаратын болады.

Сонымен қатар, ҚАЖ қызметкерлері бостандыққа шыққандарды назардан тыс қалдырмай, оларды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік мәселелерін шешу және қалыпты өмірге толық бейімдеу бағытында барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button