Жаңалықтар

Сайлауалды науқан шығындары бюджеттен өтеледі

Мәслихат депутаттығына кандидаттарға 700 мың теңгеге дейін бөлінеді

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқанына жұмсайтын шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі. 2026 жылғы 29 қарашада өтетін кезектен тыс сайлауда аудандық мәслихат кандидаттарына 500 мың теңгеге дейін, қалалық мәслихат кандидаттарына 650 мың теңгеге дейін, ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларының кандидаттарына 700 мың теңгеге дейін қаражат қарастырылған.

Қаржы теледидар мен радиода сөз сөйлеуге, екі мақала жариялауға, сайлауалды іс-шаралары мен үгіт материалдарына және көлік шығындарына жұмсалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button