Жаңалықтар
Қызылордада Республика күні 42 сәби өмірге келді
25 қазанда туған нәрестелердің арасында егіздер бар

25 қазанда Республика күніне орай Қызылорда облысында 42 сәби дүниеге келді. Оның 24-і ұл, 18-і қыз бала. Нәрестелер арасында егіздер де бар.
Мереке күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Қуанышбаев перзентханаға барып, босанған аналарды құттықтады. Сәбилерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақытты балалық шақ тіледі.




