Жаңалықтар

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге өсуі мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік қолдау шаралары өзгереді

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар мұғалімдердің есеп беру жүктемесін азайтып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жалақысын көтеру көзделген.

Бұл бастамалар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына енгізілген.

Бұдан бөлек: Отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа цифрлық тәсілдері енгізіледі; Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтау шаралары қолға алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button