Эко-әлем
Қармақшыда орман шаруашылығы мамандарына құрмет көрсетілді
Табиғатты қорғауға үлес қосқан мамандар марапатталды

17 қазан – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қармақшы ауданында салтанатты іс-шара өтті.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов сала мамандарын құттықтады. Табиғатты қорғау мен орман қорын молайтуға үлес қосқан қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.




