
3 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет Қазақы тазы күні аталып өтеді. Атаулы күн қазақ тазысының халықаралық деңгейде алдын ала танылған күніне орай белгіленді.
2024 жылғы 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, тұқымға №372 халықаралық стандарт бекітті. Қазақстан оның шыққан елі ретінде танылды.
Қазақ тазысы ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге жасасып, дәстүрлі аңшылықта пайдаланылып келген. Соңғы жылдары ұлттық тұқымды сақтау және халықаралық деңгейде таныту жұмыстары мемлекеттік деңгейде қолға алынды.
Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымдық кітабында төрт мыңға жуық тазы тіркелген. Өңірлерде олардың шығу тегін анықтау, асыл тұқымдық есеп жүргізу және тұқымдық қасиеттерін сақтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазақ тазысы халықаралық көрмелерде де таныстырылуда. 2026 жылғы маусымда Болоньяда өткен World Dog Show көрмесіне Қазақстаннан 12 тазы қатысты.
Сонымен қатар Жетісу облысында Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы салынып жатыр. Мұнда таза тұқымды иттерді өсіру, олардың шығу тегін тіркеу және кинология саласының мамандарын даярлау жоспарланған.
3 қыркүйек – қазақ тазысының халықаралық деңгейде танылғанын атап өтетін және ұлттық тұқымды сақтап, келер ұрпаққа жеткізудің маңызын айқындайтын күн.



