
Бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.
Мамандардың болжамынша, мұндай жағдай Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Қостанай, Өскемен және Семей қалаларында байқалуы мүмкін.
Қолайсыз метеожағдай кезінде желдің әлсіз болуы, тұман мен температуралық инверсия атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер етеді. Бұл өз кезегінде ауа сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын аумақта болуды шектеуге кеңес береді. Сондай-ақ даладағы физикалық белсенділікті уақытша азайтқан жөн.



