Жаңалықтар

Әлем картасы өзгере ме?

БҰҰ құрлықтарды нақты көрсететін проекцияны қолдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы әлем картасында құрлықтардың көлемін дәлірек көрсететін картографиялық проекцияларды қолдануға шақыратын қарарды мақұлдады.

Қарарды 164 мемлекет қолдаған, АҚШ қарсы дауыс берсе, алты ел қалыс қалды. Бастаманы Того мен Африка Одағы ұсынған.

Құжатта мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Equal Earth картографиялық проекциясын кеңінен пайдалану ұсынылады. Бұл картада құрлықтардың аумағы дәстүрлі Меркатор проекциясына қарағанда шынайы көлеміне жақынырақ көрсетіледі.

Меркатор картасында экватордан алыстаған сайын аумақтардың көлемі бұрмаланып, жоғары ендіктердегі елдер шын мәнінен үлкен болып көрінеді. Ал Equal Earth проекциясында Африка, Латын Америкасы, Оңтүстік Азия мен Океанияның аумағы нақтырақ бейнеленеді.

Equal Earth картасын америкалық картографтар 2018 жылы әзірлеген. Авторлардың мақсаты – әлем картасындағы құрлықтардың көлемдік арақатынасын барынша дұрыс көрсету.

Басқа жаңалықтар

Back to top button