
Қазақстанның халықаралық әуе қатынасы кеңейіп келеді. Бұған дейін еліміз 25 елмен тікелей әуе байланысын жүзеге асырса, қазір бұл көрсеткіш 32 елге жетті.
Халықаралық әуе бағыттарының саны да 74-тен 161-ге дейін артқан. Яғни көрсеткіш екі еседен астам өсті.
Сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік деңгейі де жоғарылады. Қазақстанның ICAO стандарттарына сәйкестігі 95,7%-ға жетті.
2029 жылға дейін Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларындағы әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын салу және жаңғырту жоспарланған. Сондай-ақ еліміздегі ірі әуежайлардың терминалдары жаңартылады.



