Жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпорындарға жаңа мүмкіндік

ЕАЭО аясында бірлескен жобалар жүзеге асады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Қазақстан кәсіпорындарының ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысуы талқыланды. Отырысты ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Мәскеу облысында АКРУС лак-бояу өнімдерін өндіретін кәсіпорын салу жобасы қаралды. Жоба бес жылға есептелген және биыл басталды. Өндірісте коррозия мен от әсеріне төзімді материалдар шығару жоспарланған.

Жобаға Беларусьтің «Орион-ВК» кәсіпорны, қазақстандық «ASYL CONSTRUCTION» ЖШС және ресейлік «АКЗ покрытия» ЖШҚ қатысады.

Самара гипс комбинаты базасында жаңа араластыру желісін салу да жоспарланған. Құрғақ қоспалар өндірісін жылына 75,5 мың тоннаға дейін арттыру көзделген. Жобаның Қазақстан бюджеті үшін болжамды тиімділігі шамамен 180 млн теңге.

Сонымен қатар 2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша кооперациялық жоба мақұлданғаны айтылды.

ЕАЭО жобалары жеңілдетілген қаржыландыруға ие болып, өндірісті дамытуға және мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге бағытталған.

Кеңес отырысында ауыл шаруашылығы және карантиндік фитосанитариялық талаптарға қатысты бірқатар өзгеріс қабылданды. Ағаш қаптама мен бекіту материалдарына фитосанитариялық сертификатты міндетті рәсімдеу талабы да алынып тасталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button