
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ақылы негізде заңсыз сатылған 26 мыңнан астам қаптама препарат анықталды.
Заңсыз сатылым бойынша 106 медициналық ұйым мен дәріхана тексеріліп, 60-тан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты, ал алдын ала шығын 36 млн теңге деп бағаланды.
Барлық материал құқық қорғау органдарына жолданды. Сонымен қатар цифрлық таңбалау жүйесі биыл қыркүйектен бастап ББҚ-ға, ал 2027 жылдан бастап медициналық мақсаттағы бұйымдарға енгізіледі.



