Ақорда
Мемлекет басшысы ЖИ жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді
Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау мәселелері талқыланды

Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің жаңа цифрлық дәуірде бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын басты факторлардың біріне айналғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Өнеркәсіптің дамуы туралы 2026 жылғы есебіне сәйкес, жасанды интеллект әлем экономикасының келбетін өзгертетін бес трансформациялық мегатрендтің бірі ретінде танылғанын айтты. Соңғы бес жылда жасанды интеллектімен байланысты патенттердің үлесі шамамен үш есе өскен.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2029 жылға дейінгі Digital Kazakhstan стратегиясы аясында нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізуді көздейтін жасанды интеллектінің ұлттық кешенді экожүйесі қалыптасып жатқанын атап өтті.


