Ақорда

Екі жылда 300-ге жуық өрт сөндіру бекеті ашылды

Мемлекет басшысы «Ауыл құтқарушылары» жобасын кеңейтуді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл құтқарушылары» бастамасын бүкіл ел аумағында кеңінен қолдану қажет екенін айтты. Жоба аясында кейінгі екі жылда 300-ге тарта өрт сөндіру бекеті құрылып, 450-ге жуық өрт дер кезінде тоқтатылған.

– Осы игі тәжірибені бүкіл ел аумағында кеңінен қолдану қажет. Құтқарушылардың кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру керек. Сонымен бірге олардың мейлінше қауіпсіз жағдайда еңбек етуін қамтамасыз ету қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президент құтқарушылар заманауи технологияларды меңгеріп, жедел шешім қабылдай білуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының мамандар даярлаудағы рөліне тоқталды.

Back to top button