Эксклюзив

Қызылордада «Orda Power» күн электр станциясының құрылысы басталды

Сыр өңірінде қуаттылығы 225 мегаваттан асатын 7 күн станциясы салынады

Республика күні қарсаңында Қызылордада «Orda Power» ЖШС күн электр станциясының құрылысы басталды.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Түркияның Қазақстандағы елшісі Мустафа Капуджу және «Orda Power» компаниясының бас директоры Гультекин Йигит қатысты.

Аймақ басшысы энергетика саласындағы жобаларға тоқталып, жаңа станцияның маңызын атап өтті.

Жобаның басты ерекшелігі – энергия жинақтау жүйесімен жабдықталуы. Бұл – өңірдегі осындай жүйесі бар алғашқы күн электр станциясы. Алдағы уақытта оның қуаттылығын 50 мегаватқа дейін арттыру жоспарланып отыр.

Қазір облыста жалпы қуаттылығы 151 мегават болатын 11 күн электр станциясы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, қуаттылығы 225 мегаваттан асатын тағы 7 станцияны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде Арал және Жаңақорған аудандарында қуаттылығы 30 мегаваттық екі күн электр станциясының құрылысы басталды.

 

Back to top button