
2026 жылғы халықаралық рейтингте Қазақстан 177 елдің арасында 84-орынға ие болып, 41,26 балл жинады. Бағалау экологиялық жағдай, халық денсаулығы, экожүйелер және климаттық саясатты қамтитын 47 көрсеткіш бойынша жүргізілген.
Әлемдік рейтингте Эстония 74,79 баллмен көш бастады. Үздік үштікке Люксембург пен Ұлыбритания да енді. Ал соңғы орында Лаос тұр.



