Жаңалықтар

«Сыр маржаны – 2026»: бәйге жеңімпаздары анықталды

Қызылордада ұлттық ат спорты жарысы өтті

Бүгін орталық ипподромда «Сыр маржаны – 2026» дәстүрлі мерекесі аясында ұлттық ат спорты жарысы ұйымдастырылды. Дүбірлі бәйгеге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Мейрамбек Шермағанбет және ел ағалары келді.

Жарыс төрт бағыт бойынша өтті. Тай бәйгеде І орынды Жалағаш ауданының Бұхарбай батыр ауылынан келген Дауылбай Мақсат иеленді. Құнан бәйгеде Алматы облысының өкілі Төлеген Әділжан топ жарды. Топ бәйгеде Жамбыл облысының шабандозы Өсер Нұрасыл жеңіске жетті. Ал аламан бәйгеде Қордай ауданынан келген Тілеуғабыл Ерсұлтан мәреге бірінші болып жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық бағытта жүлдегерлер анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button