Эко-әлем
Арал теңізінің ұлтанына 500 түп сексеуіл егілді
100 волонтер Аралды көгалдандыруға атсалысты

«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығы аясында Арал теңізінің бұрынғы табанында сексеуіл егу акциясы өтті. Шараға Қазақстанның өңірлері мен Өзбекстан, Қырғызстаннан келген 100 волонтер қатысып, 500 түп сексеуіл екті.
Сексеуіл тұзды шаңның таралуын тежеуге, құм көшкінін бәсеңдетуге және шөлейттенуге қарсы күресуге ықпал етеді.
2021–2026 жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арал теңізінің ұлтанына 1,1 миллион гектар алқапта фитомелиорациялық жұмыстар жүргізілді. Бұған дейін, 2021 жылға дейін, Қазақстан аумағында 192,8 мың гектар жер игерілген.




