Жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкер ауылға өрт бекетін салды

Құны 50 млн теңге болатын бекет пайдалануға берілді

Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылындағы «Оңталап» шаруа қожалығының жетекшісі Әбдіхамит Аралбаев өрт сөндіру бекетін салуға демеушілік көрсеткені үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Құны 50 млн теңге болатын бекет биыл қыркүйекте «Ауыл құтқарушысы» жобасы аясында пайдалануға берілді. Нысан төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1998 жылы құрылған шаруашылық бүгінде 1265 гектар жерге егін егіп, 45 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын қызметкерлер мен жер үлескерлеріне қолдау көрсетіп келеді.

Сонымен қатар кәсіпкер биыл мәдени-бұқаралық іс-шараларға 1,6 млн теңге бөлген. Ауылда 30 млн теңгеге спорт алаңын салып, баспанаға мұқтаж отбасыларға 12 үй сатып алған. Бұдан бөлек, 150 адамға арналған Әбу Ханифа мешітінің құрылысына 35 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button