Қазақстанда пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы ерлер мен әйелдерді бір купеге орналастырмау мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұл ұсыныс әлеуметтік желі қолданушысының бастамасынан кейін көтерілген. Ол Түркиядағы тәжірибені мысалға келтірген. Онда бір-бірін танымайтын ер және әйел жолаушыларға бір купеден билет сатылмайды.

Яғни купедегі алғашқы орынды ер адам сатып алса, қалған орындар ер жолаушыларға, ал әйел адам билет алса, купе әйелдерге ұсынылады. Бірге билет алған жолаушыларға бұл шектеу қолданылмайды.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясы бұл жүйені Қазақстанда енгізу мүмкіндігі зерттеліп жатқанын мәлімдеді. Алайда әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Жаңа тәртіптің қашан енгізілетіні де белгісіз.



