Жаңалықтар

Жапониядан Қазақстанға жаңа жүк бағыты ашылды

Химиялық өнімдер алғаш рет мультимодальды жолмен жеткізілді

Қазақстанға Жапониядан химиялық өнімдер алғаш рет мультимодальды бағытпен жеткізілді. Тасымалды «Қазақстан темір жолы» компаниясының еншілес ұйымы KTZ Express ұйымдастырды.

Химиялық өнім тиелген контейнерлер Жапонияның Кобе портынан Алматыға теңіз және теміржол көлігі арқылы жеткізіледі. Маршруттың жалпы ұзындығы шамамен 6 мың шақырым.

Алдымен жүк Кобе портынан Қытайдың Ляньюньган портына дейін теңіз арқылы 1 620 шақырым тасымалданады. Кедендік рәсімдерден кейін контейнерлер теміржолға ауыстырылып, Алматыға дейін тағы 4 400 шақырым жол жүреді.

Қытай мен Қазақстан шекарасында жүк Алтынкөл өткізу пункті арқылы қазақстандық жолтабанға арналған құрамға тиеледі.

Жаңа бағыт Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндігін кеңейтіп, Жапония мен Тынық мұхиты аймағынан келетін жүктерді Қытай және Қазақстан арқылы құрлық бағыттарына шығаруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button