Жаңалықтар

«Құмкөл» кен орнына – 40 жыл

Қызылордада мұнайшылардың еңбегі ұлықталды

Қызылордада Мұнайшылар күні аясында «Құмкөл» кен орнының өнеркәсіптік игерілуінің 40 жылдығына арналған «Құмкөл: Қара алтын шежіресі» атты салтанатты шара өтті.

Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, мұнай-газ саласының ел экономикасындағы маңызын атап өтті. Ол өңірдегі мұнай компаниялары мен сала мамандарының аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесіне тоқталды.

«Құмкөл» кен орнын игеру туралы шешім осыдан 40 жыл бұрын қабылданып, кейін кеніш өңірдегі мұнай өндірісінің негізгі тіректерінің біріне айналды.

Салтанатты шара барысында мұнай-газ саласының дамуына үлес қосқан мамандарға мемлекеттік және салалық марапаттар табысталды. Олардың қатарында «Құрмет» ордені, «Еңбек даңқы» ордені, «Үздік мұнайшы» төсбелгісі және «Құмкөл» кен орнының 40 жылдығына арналған мерейтойлық медаль бар.

Сонымен қатар өңірдегі мұнай компанияларының қолдауымен әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді. Компаниялар білім беру, мәдениет және қайырымдылық бағыттарына да қаржы бөліп отыр.

Кездесуде мұнай саласының қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстары да айтылды. Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде жүргізілген геологиялық зерттеулерге назар аударылды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, өнер ұжымдары көрерменге ән-күйден шашу шашты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button