Жаңалықтар

Қызылордада отбасы күніне орай кездесу өтті

Отбасы құндылықтары кеңінен дәріптелді

Отбасы күні қарсаңында «Отбасы орталығында» тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Гауһар той», «Алтын той», «Лағыл той», «Інжу той», «Күміс тойға» жеткен отбасылармен және жас шаңырақ иелерімен кездесті.

Кездесуде отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі мен ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластықты нығайту мәселелері сөз болды.

Өңірде 141 мыңнан астам отбасы бар, оның 48 мыңнан астамы — көпбалалы. Кейінгі төрт жылда үй кезегіндегі азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер берілді. 2026–2027 жылдары 6200-ден астам пәтер табысталып, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарлануда.

Іс-шара барысында қатысушылар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ән шырқалды. Оларға облыс әкімінің құттықтау хаттары, сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button