
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев интернетпен қамту жұмыстары туралы мәлімдеді.
🚆 Қазір 50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыздың 1500 вагоны интернетпен қамтылған.
📡 Сонымен қатар 7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде. «Батыс – Шығыс» гипермагистралі бойынша ұзындығы 4511 шақырым желінің жартысы тартылды. Жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Ауылдық жерлерде 370 елді мекен интернетке қосылып, 11 819 шақырым байланыс желісі тартылды.



