Жаңалықтар
Санжар Әділов Азия ойындарында қола медаль алды
Бұл – Қазақстанның ММА-дағы алғашқы жүлдесі

21 қыркүйекте қазақстандық ММА шебері Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалға шықты. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта (traditional) өнер көрсетті. Финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды.
Осылайша, Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы жетінші және ММА тарихындағы алғашқы жүлдесі.



