
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы іске қосылды. Содан бері 6 млн 918 мың баланың шотына 2,5 миллиард долларға жуық қаражат аударылған.
Кәмелет жасқа толған жастар жинағын өз қажетіне пайдалана алады. Сондай-ақ қаражатты мұраға қалдыруға мүмкіндік бар.

