Ашық бюджет
Қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз төлемге көшіп жатыр
Қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 186 трлн теңгеден асты

Қазақстанда банк карталары арқылы жасалған қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі 2025 жылы 186,3 трлн теңгеге жетті. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 13,3 трлн теңге болған. Осылайша, жеті жылда төлем көлемі шамамен 14 есе артты.
Соңғы жылдары мобильді банкинг, QR-код арқылы төлем жасау және интернет-дүкендерде онлайн есеп айырысу кең таралды. Смартфон арқылы төлем жасау мен ақша аудару қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырды.

