Жаңалықтар

Қызылордадағы кортеждің соңы қандай аяқталды?

Қызылорда қаласында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған кортеждің шулы бейнежазбасы анықталып, оны ұйымдастырған жүргізушілер дереу жауапқа тартылды.

Полиция мәліметінше, 20 мен 35 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар қала көшелерінде лек болып жүріп, маневр жасау талаптарын бұзған, сондай-ақ авариялық сигналды заңсыз пайдаланып және тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарған деректері тіркелген. Тәртіп сақшылары дереу барлық қатысушыларды анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді, нәтижесінде оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданып, бір автокөлік айып тұрағына қойылды.

Осы оқиғадан кейін полиция өкілдері жолды бөгеп, қауіпті маневр жасаудың қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп, әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы мониторинг жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button