Жаңалықтар

Қоқиқаздардың мекені қорғалады

Қорғалжынға 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

«Қазсушар» РМК жыл сайын Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің су деңгейін сақтау және биологиялық алуантүрлілікті қорғау мақсатында су жіберу жұмыстарын жүргізеді. Биыл осы мақсатқа 40 млн текше метр су бағытталды.

Жұмысқа кәсіпорынның үш филиалы – Қ. Сәтбаев атындағы канал, Қарағанды және Ақмола филиалдары қатысты.

Министрлік мұндай жұмыстар Қазақстанның барлық аумағында жыл сайын жүргізілетінін атап өтті. Су нысандарын сақтау және жергілікті экожүйелерді қолдау үшін миллиардтаған текше метр су бағытталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button