Жаңалықтар

Бөліп төлеу жүйесі өзгеруі мүмкін

BNPL қызметтеріне қатысты жаңа ережелер ұсынылды

Қазақстанда бөліп төлеу арқылы тауар сатып алу кеңейіп келеді. Ұлттық банк бұл нарықты реттеу үшін талқылауға құжат ұсынды.

Құжат бөліп төлеу және BNPL (Buy Now, Pay Later) өнімдерін талдауға, нарықтағы тәуекелдерді анықтауға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Ұлттық банктің мәліметінше, бөліп төлеу арқылы автокөлік пен жылжымайтын мүлікке дейін сатып алуға болады. Алайда қаржылық емес ұйымдар ұсынатын мұндай қызметтер тұтынушыларды қорғау талаптарына толық сәйкес келе бермейді. Бұл азаматтардың қарыз жүктемесін арттыруы мүмкін.

Реттеуші бөліп төлеу мен BNPL-сервистерінің қолжетімділігін сақтай отырып, тұтынушылар үшін тәуекелдерді азайтуды көздейді.

Құжатты талқылау 8 аптаға созылады. Пікірлер мен ұсыныстарды 2026 жылғы 3 қарашаға дейін Ұлттық банкке жолдауға болады.

Бұған дейін Ұлттық банк Ұлттық қордан бөлінетін 5 трлн теңгенің инфляцияға ықпалын бағалаған. Қаражаттың 2 трлн теңгесін 2027 жылы, 1,5 трлн теңгеден 2028 және 2029 жылдары бағыттау жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button