Жаңалықтар

Қазақстанда Қытай капиталы бар 9 мың компания бар

260 бірлескен жоба жүзеге асуда

Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 9 мыңнан астам компания жұмыс істейді.

Олардың қатарында CNPC, CITIC, Huawei секілді ірі корпорациялар бар. Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік кооперация жалпы инвестиция көлемі 62 млрд доллардан асатын 260 жобаны қамтиды.

Машина жасау саласы да белсенді дамып келеді. Қазақстанда BYD, Howo, Yutong, Golden Dragon, Shacman, JAC, Jetour және басқа брендтердің өнімдері шығарылады. Өткен жылы Changan, Great Wall Motor және Chery жеңіл автокөліктерін сериялық өндіру жолға қойылды.

Сонымен қатар Қытай инвесторларының қатысуымен жалпы қуаты 1,5 ГВт болатын 29 жасыл энергетика жобасы іске асырылған. Тағы 11 жобаның жиынтық қуаты 1,7 ГВт-тан асады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button