Жаңалықтар

Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы өзгереді

1 қазаннан бастап төлем 3 айға дейін беріледі

2026 жылғы 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі. Өзгеріс осы күннен бастап төлем алуға құқығы пайда болатын азаматтарға қатысты.

Төлем мерзімі әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты:

* 6–12 ай – 1 ай;

* 12–24 ай – 2 ай;

* 24 айдан жоғары – 3 ай.

Төлемнің ең жоғары мөлшері 7 ең төменгі жалақының 45%-ы болады. Ал нақты сома соңғы 24 айдағы орташа табыс пен сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай есептеледі.

Жұмысынан айырылған азамат eGov.kz, Enbek.kz немесе мансап орталығы арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі қажет. Оған сәйкес бос жұмыс орындары ұсынылады.

Ұсынылған үш лайықты жұмыстан дәлелді себепсіз бас тартқан жағдайда жұмыссыз мәртебесі мен әлеуметтік төлем тоқтатылады.

Егер үш ай ішінде жұмыс табылмаса, мансап орталығы азаматқа жұмысқа орналасуға көмектесуді жалғастырады. Кәсіптік оқыту, қайта даярлау, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы және кәсіпкерлікті қолдау шаралары ұсынылады.

Қазір әлеуметтік төлем 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Жаңа пилоттық жоба бойынша оның мерзімі 3 айдан аспайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button