Жаңалықтар

Елімізде ғасыр жасаған 44 қария бар

Қазақстандағы ең үлкен зейнеткер 106 жаста

Қазақстанда 100 жастан асқан 44 зейнеткер тұрады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

Еліміздегі ең жасы үлкен әйел зейнеткер 106 жаста. Ол Шымкентте отбасымен бірге тұрады. Ал ер азаматтар арасында ең үлкені – Алматы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов. Оның жасы – 104-те.

Қазір республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы алады. Оның 64%-ы әйелдер, 36%-ы ер адамдар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button