Жаңалықтар

Словакия президенті Елена Рыбакинаны қабылдады

Словакия президенті Петер Пеллегрини әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен Братиславадағы Президент сарайында жүздесіп, оны US Open турниріндегі тарихи жеңісімен жеке құттықтады.
Кездесуден кейін мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қазақстандық спортшының Словакиямен берік байланысына тоқталды. Оның айтуынша, Елена Рыбакина шамамен алты жылдан бері уақытының бір бөлігін осы елде өткізіп, сол жақта тұрақты түрде жаттығу жиындарын өткізеді.
«Әлемнің бірінші ракеткасы алты жылдан бері Словакияны өзінің екінші үйі деп санайтынын білдіңіз бе? Елена Рыбакина халықаралық жарыстарда Қазақстанның атынан сынға түскенімен, біздің ел ол үшін маңызды өңірге айналды. Мұнда маңызды матчтар мен турнирлерге тыңғылықты дайындалады. Бүгін оны Президент сарайында қабылдап, US Open-дегі жарқын табысымен жеке құттықтау мен үшін зор мәртебе болды», – деп жазды Петер Пеллегрини.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Нью-Йорктегі Үлкен дулыға санатындағы US Open турнирінің финалында кейінгі екі жылғы чемпион Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанған еді.
Бұл жетістіктен соң отандасымызды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады. Сондай-ақ WTA ұйымы Елена Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін ресми түрде табыстады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button