Эко-әлем

Қызылордада 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Қызылорда облысында экологиялық шаралар жалғасуда

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тұрғындар, қоғам белсенділері мен еріктілер тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қатысты.


Жыл басынан бері облыстағы экологиялық шараларға 377 299 адам қатысып, 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, сондай-ақ өнеркәсіптік және бизнес нысандары, су айдындары мен көшелер тазартылды. Жұмыстарға 548 арнайы техника жұмылдырылып, 91 817 көшет отырғызылды.


Экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Елімізде жыл басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасына 7 млн-нан астам азамат қатысты. Бастама басталғалы елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қоры аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым мен көшет отырғызылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button