Жаңалықтар

Қызылордада 150 газ датчигі орнатылуда

Өңірде 5 864 тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігі тексерілді

Қызылорда облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында өрт пен улы газдан уланудың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Облыс бойынша әлеуметтік осал топтағы отбасылар тұратын 5 864 тұрғын үйдің тізімі нақтыланды. Оларға өрт қауіпсіздігі түсіндіріліп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан 150 көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылуда.

Сонымен қатар «Жатақхана», «Таза түтін мұржасы» және «Қауіпсіз үй» акциялары ұйымдастырылып, тұрғындарға пешті қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілуде.

Мамандар 2,5 мыңға жуық тұрғынды қамтыған 148 кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button