
Қазақстанда ішкі туристер саны 2019 жылғы 5,29 млн-нан 2025 жылы 8,66 млн адамға жетті. 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 11 млн-ға жеткізу жоспарланған.
Туризмді дамытуға 150 млрд теңге бөлініп, жобаларды жылдық 7% мөлшерлемемен қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.
Ұлттық парктерге келушілер саны 2019 жылғы 1,38 млн-нан 2025 жылы 3,6 млн адамға дейін өсті.
2021–2025 жылдары туристік аймақтар мен жол бойында 483 санитариялық-гигиеналық торап іске қосылды. Оның 219-ы 2024 жылы, 110-ы 2025 жылы орнатылған.



