Жаңалықтар

Жаңақорғанда қазақ күресінен турнир басталды

Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына орай дода өтуде

Жаңақорған ауданында еңбек және тыл ардагері Машбек Сапарбайұлы Нәлібаевтың 100 жылдығына орай қазақ күресінен жастар арасындағы республикалық турнир басталды.


Ашылу салтанатына облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Құрылтай депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.


Аймақ басшысы жас балуандарға сәттілік тілеп, өңірде спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бүгінде облыста 377 мыңнан астам адам бұқаралық спортпен шұғылданады.


2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан турнир биыл 21-ші рет өтуде. Додаға еліміздің әр өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button